1 / 2
Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.
Кезекті рет ортақ пайдалану орнын ластау дерегі тіркелді. Құқық бұзушы 49 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Полиция қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.
Қаланың тазалығы әрқайсымыздан басталады!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









