Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» автожолында патрульдік полиция қызметкерлері өртенген жүк көлігінен 38 жылқыны құтқарып қалды.
24 қараша күні сағат 09:15 шамасында автожолдың 175-шақырымында патрульдеу барысында полицейлер Volvo маркалы жүк көлігінің өртеніп жатқанын байқаған.
Көлік ішінде жылқылардың бар екенін білген тәртіп сақшылары дереу оларды құтқаруға кірісті. Сонымен қатар қызметтік автокөліктегі өрт сөндіргіштерді пайдаланып, жалынды сөндіру шараларын қабылдады.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін барлық жылқы қауіпсіз жерге шығарылды.
Жүргізушінің айтуынша, ол жылқыларды Күршімнен Шымкент қаласына тасымалдап бара жатқан кезде жүк көлігі кенеттен өртенген.
Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында 38 жылқы аман қалды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









