«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Талдықорған қаласындағы Политехникалық колледж студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнама талаптарын, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің басталу жасын, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің заңдық салдарын түсіндірді.
Әсіресе ұсақ бұзақылық, ұрлық, буллинг, қоғамдық тәртіпті бұзу және жастар арасында кездесетін өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Полицейлер студенттерді өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуге, заң талаптарын сақтауға және теріс ықпалға ермеуге шақырды.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









