Балалық арманнан қылмысты тергеуге дейін: Жетісудағы жас тергеушінің бір күні

    1 / 2

    Қала тұрғындары ұйқыға кеткенде оның жұмыс күні енді басталуы мүмкін. Оқиға орнына шұғыл шығу, дәлелдемелер жинау, процестік құжаттарды рәсімдеу және адам тағдыры алдындағы жауапкершілік – Текелі қаласы полиция бөлімінің тергеушісі Бекболат Нұрқасымның күнделікті қызметі осындай.

    Ол бесінші сыныптан бастап полиция қызметкері болуды армандаған. Ішкі істер органдарында қызмет еткен әкесі мен ағасының өнегесі оның мамандық таңдауына үлкен ықпал етті.

    Мектепті «Алтын белгімен» тәмамдаған Бекболат ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсіп, білім ордасын үздік нәтижелермен аяқтады.

    Жас маман еңбек жолын анықтаушы қызметінен бастап, бүгінде туған қаласында қылмыстық істерді тергеумен айналысады.

    Тергеушінің сырт көзге тыныш көрінетін қызметінің астарында қарбалас күндер, ұйқысыз түндер, дәлелдемелерді мұқият зерделеу және салмақты шешім қабылдау секілді үлкен еңбек жатыр. Бұл мамандықта елеусіз көрінген әрбір жайт ақиқатты анықтауда шешуші рөл атқаруы мүмкін.

    «Әрбір қылмыстық іс – артында адам тағдыры тұрған жеке оқиға. Тергеуші қылмысты ашып қана қоймай, оның әрбір мән-жайын заң талаптарына қатаң сәйкес дәлелдеуі тиіс. Мен бұл мамандықты саналы түрде таңдадым және өз таңдауыма ешқашан өкінген емеспін», – дейді Бекболат Нұрқасым.

    Жас тергеушінің өмір жолы – таңдаған мамандығына адалдықтың, отбасылық дәстүр сабақтастығының және «Заң мен тәртіп» қағидатына беріктіктің үлгісі.

    Өйткені әрбір тергелген қылмыстық істің артында кәсіби шеберлік, тынымсыз еңбек пен әділдікке деген ұмтылыс жатыр. Ал мектеп қабырғасында басталған балалық арман бүгінде оның өмірлік мұратына айналды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары