Полиция майоры Жанахмет Еркін Боранұлы — Текелі қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы. Ішкі істер органдарында қызмет ету — оның бала күнгі арманы.
Еңбек жолын 2008 жылы ішкі істер органдарында бастаған ол қызмет барысында мол тәжірибе жинақтап, 2025 жылдан бастап учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарып келеді.
Оның күнделікті қызметі қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Халықпен тығыз байланыс орнатуға және тұрғындарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөледі.
Қызметтен тыс уақытта Еркін Боранұлы — екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған қамқор әке. Бос уақытында балық аулауды және атқа мінуді ұнатады.
Оның қызмет жолы — бала күнгі арманға адалдықтың, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншіліктің және елге абыроймен қызмет етудің үлгісі.
Осындай қызметкерлердің күнделікті еңбегі халықтың полицияға деген сенімін нығайтып, «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









