Талдықорғанда екі жас жігіт мемлекеттік нөмірі жоқ Kia көлігімен орталық алаңда серуендемек болған

    1 / 2

    Талдықорған қаласының орталық алаңында екі жас жігіттің автокөлікпен жүрген сәті Жетісу облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсті.

    Жас жігіттер Kia маркалы автокөлікпен орталық алаңда серуендеуді ұйғарып, тыйым салатын жол белгісінің талабын елемеген. Оның үстіне көлікте мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері болмаған.

    Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел анықтады. Көлік тізгінінде 20 жастағы жергілікті тұрғын болған.

    Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

    Полиция қала алаңдары автокөлікпен серуендеуге арналмағанын еске салады. Жол белгілерінің талаптарын елемеу және жол қозғалысы ережелерін бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары