Талдықорғанда есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

    1 / 2

    «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері есірткілік масаң күйде көлік басқарудың кезекті дерегін анықтады.

    Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жүргізушіні тоқтатып, медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

    Аталған құқық бұзушылық үшін заңнамаға сәйкес 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.

    Жалпы, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жетісу облысының полиция қызметкерлері алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік басқарудың 25 дерегінің жолын кесті.

    Полиция масаң күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ескертеді.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

    Жетісу полициясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын: масаң күйде көлік басқару — адам өміріне төнген қауіп!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары