Жетісу полициясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейтілді

    1 / 2

    Жетісу облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жеке құрам арасында қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында профилактикалық дәріс өткізді.

    Іс-шара барысында полиция қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсынуында көрсетілген негізгі талаптар түсіндіріліп, қызметтік міндеттерді орындау кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері қаралды.

    Атап айтқанда, азаматтармен қарым-қатынас кезінде үздіксіз бейнетіркеуді қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді пайдалануды бақылау, заттай дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету және қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтауына қатысты дербес жауапкершілігі және құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы атап өтілді.

    Жетісу облысы Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік және заң талаптарын қатаң сақтау — азаматтардың полицияға деген сенімін арттырудың маңызды негізі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары