«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының ғимаратында «Миграция заңындағы өзгерістер» тақырыбында сарапшылардың қатысуымен семинар өтті.
Іс-шараны Алматы қаласы Әділет департаментінің Коммерциялық емес заңды тұлғаларды бақылау және тіркеу бөлімінің бас маманы Г. Д. Рысқұлова өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға көші-қон саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен қолданыстағы құқықтық нормалар түсіндірілді. Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу кезінде басшылыққа алынатын заңнамалық актілер, қажетті құжаттар тізбесі және оларды рәсімдеу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу барысында маман құжаттарды дайындау және рәсімдеу кезінде жиі кездесетін мәселелерге тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Сондай-ақ заңнама талаптарын сақтау мен құжаттарды белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімдеудің маңыздылығы атап өтілді.
Семинардың негізгі мақсаты – қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, көші-қон және кәсіпкерлік қызметті тіркеу салаларындағы заңнамалық өзгерістер туралы ақпараттандыру, сондай-ақ практикалық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









