Алматы қаласының Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу және құжаттарға апостиль қою бойынша оқыту өткізді

    Алматы қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері М. Узахова мен Е. Базаршынов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офис қызметкерлеріне Zoom платформасы арқылы онлайн оқыту өткізді.

    Оқыту барысында мамандар заңды тұлғаларды тіркеу тәртібін, сондай-ақ әділет органдары, азаматтық хал актілерін тіркеу органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен нотариустар берген ресми құжаттарға апостиль қою тәртібін түсіндірді.

    Іс-шара мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және фронт-офис қызметкерлерінің өтініш берушілерге осы мәселелер бойынша кеңес беру дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары