Жаңа Азаматтық кодекстің тұжырымдамалық негіздері талқыланды

    1 / 3

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Конституция – Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық заңнамасын дамытудың негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.

    Жиынның негізгі тақырыбы азаматтық заңнаманы жаңарту және жаңа Азаматтық кодекстің тұжырымдамалық негіздерін қалыптастыру болды. Қатысушылар азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормаларды жетілдіруде конституциялық қағидаттардың қандай рөл атқаратыны жөнінде пікір алмасты.

    Дөңгелек үстелде жаңа кодексті әзірлеу барысында азаматтық заңнама нормаларының Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Атап айтқанда, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдіру және азаматтық айналымға қатысушылардың теңдігі қағидатын ескеру мәселелеріне назар аударылды.

    Талқылау барысында азаматтық-құқықтық нормалардың анықтығы мен бірізділігінің маңызы да сөз болды. Заң нормаларының түсінікті әрі өзара үйлесімді болуы азаматтар мен ұйымдарға өз құқықтары мен міндеттерін айқындауға, сондай-ақ даулы жағдайларда оларды қорғау тәртібін түсінуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары