ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЕКІ КҮНДІК ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
2026 жылғы 2–3 қараша күндері Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры мен Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен химия және биология пәндеріне қызығушылық танытатын 9–10-сынып оқушыларына арналған екі күндік практикалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: 9–10-сынып оқушыларының химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттыру, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру және пәндік олимпиадаларға жүйелі дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.
Семинардың негізгі міндеттері:
🔹 Оқушылардың бастапқы білім деңгейін анықтау және біліміндегі олқылықтарды толықтыру;
🔹 Күрделі тақырыптарды меңгерту, есеп шығару және тест тапсырмаларын орындау дағдыларын дамыту;
🔹 Зертханалық және практикалық жұмыстар арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін жетілдіру;
🔹 Дарынды оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау;
🔹 Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру және өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
🔹 Химия және биология пәндері бойынша білім сапасы мен оқу жетістіктерінің артуы;
🔹 Оқушылардың есеп шығару, тест тапсырмаларын орындау және зертханалық жұмыстар жүргізу дағдыларының қалыптасуы;
🔹 Пәндік олимпиадаларға дайындық деңгейінің жақсаруы.
Практикалық семинардың ашылуында Алматы қаласынан келген Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры Гулнар Сейдоллақызы мен Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Курмангалиева Нургуль Акановна алғы сөз сөйлеп, семинардың маңыздылығына тоқталды және қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.
Семинар барысында химия және биология пәндері бойынша аудандық педагогикалық қауымдастық жетекшілері – «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ-нің химия пәнінің мұғалімі Аубакирова Ардақ Машановна және «Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ-нің биология пәнінің мұғалімі Абдрахманов Қуат Сейсенович аудан мектептерінің оқушыларымен бірлесіп, практикалық жұмыстар жүргізді.
Екі күнге созылған семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың пәндік білімдерін тереңдетуге, тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге және олимпиадаларға дайындықтарын нығайтуға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









