Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылдық округіне қарасты Құйған кентінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа ерікті өртке қарсы құралым ашылды. Өрт сөндіру бекеті жалпы саны 1 200 адамды құрайтын үш елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, Күршім ауданының басшылығы, ауылдық округтің әкімі, жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар қатысты.
Бекет тәулік бойы қызмет атқаруға бейімделген. Ғимаратта өрт сөндіру техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, қызметтік және тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. Бөлімше қажетті техникамен, байланыс құралдарымен және арнайы киім-кешекпен жабдықталған.
Салтанатты рәсім барысында бекеттің құрылысына, жабдықталуына және жұмысын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс хаттар табысталды. Іс-шара аумақты көгалдандыру және абаттандыру мақсатында ағаш отырғызумен аяқталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








