Абай облысы Абай ауданының Тоқтамыс ауылында «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Нысан 163 ауладағы 628 тұрғын мен 45 шаруа қожалығының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Салтанатты рәсімге Абай ауданының әкімі Мейіржан Серікболсынұлы және Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Данияр Алимкин қатысты.
Жаңа нысан жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен құрылды. Өрт сөндіру бекеті ауыл тұрғындарының өрт қауіпсіздігін арттыруға, өрт оқиғаларына уақтылы ден қоюға және кәсіби бөлімшелер келгенге дейін жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Бұл құралымның ашылуы ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі жүйесін нығайтуға және тұрғындарды төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған маңызды қадам болмақ.
креплении системы пожарной безопасности сельских населённых пунктов и защите жителей от чрезвычайных ситуаций.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








