Жол-көлік оқиғалары, қар құрсауы, ауа райының күрт нашарлауы немесе тасжолда көліктің мәжбүрлі түрде тоқтауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 бірыңғай нөміріне дереу хабарласу қажет.
Қоңырау шалған кезде төмендегі ақпаратты хабарлау маңызды:
- нақты орналасқан жерді немесе автожолдың шақырымын;
- оқиғаның сипатын;
- көмекке мұқтаж адамдардың санын;
- зардап шеккендердің бар-жоғын;
- байланыс телефонын.
Егер көлік қар құрсауында қалып қойса немесе ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалысты жалғастыру мүмкін болмаса, өзіңізді қауіпке төндірмеңіз. Мүмкіндігінше көліктен шықпай, орналасқан жеріңізді 112 нөмірі арқылы хабарлап, көмек күтіңіз.
Жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жол жағдайына қатысты ескертулерді тексеріңіз.
Естеріңізде болсын: қауіпсіздік шараларын сақтау және көмекке уақытылы жүгіну адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








