2026 жылғы 26 қарашада Астана қаласындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығында Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы директорының мониторинг, консультациялық қызметтер және NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі орынбасары Акижан Кутваров қатысты.
Отырыс барысында жастар ресурстық орталықтарының 2026 жылғы қызметінің қорытындылары, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары, өңірлер арасындағы үздік тәжірибелермен алмасу және орталықтардың қызметін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар жастармен жұмыстың өзекті бағыттарын талқылап, пікір алмасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









