дәріс өткізілді

    «Заң мен тәртіп» аясында мемлекеттік сот орындаушысы А.Т. Шарипова «Федоров ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК студенттеріне арналған ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарға қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Негізгі ережелерді, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, маңызды әлеуметтік тақырып -тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қозғалды. Студенттерге тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдары, сондай-ақ зардап шеккендерді қорғау шаралары мен көмекке жүгіну жолдары туралы айтылды.


    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары