азаматтарды қабылдау өткізді

    1 / 2

    «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 18 қараша күні Әулиекөл ауданаралық аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Т. В. Громова және Әулиекөл ауданының адвокаты А. Г. Кучер атқарушылық құжаттарды орындау мәселелері бойынша азаматтарды бірлескен қабылдау өткізді.Кездесу барысында аудан тұрғындары өзекті құқықтық мәселелер бойынша тегін түсіндірмелер алды. Аға сот орындаушысы азаматтарды атқарушылық іс жүргізу барысы, берешектерді өндіріп алу тәртібі және өндіріп алушылар мен борышкерлердің құқықтарын қорғау тетіктері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Өз кезегінде адвокат А. Г. Кучер білікті заң көмегін көрсетіп, өтініш білдірген азаматтарға іс жүргізу құжаттарын жасау және сотта заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша кеңес берді.
    Мұндай бірлескен қабылдаулар халықтың туындаған мәселелерін жергілікті жерде жедел шешуге мүмкіндік береді және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырады.


    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары