«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында 2026 жылғы 18 қарашада Қостанай облысының Әділет департаменті қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.Іс-шараға құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Балгүл Кудесова мен Қостанай қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің басшысы Райхан Тлеубаева қатысты.Семинар барысында өтінішпен жұмыс істеу стандарттары, атқарушылық жазбаларды жасау бөлігінде «Нотариат туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелері қаралды.Қатысушыларға заңнаманы қолдану бойынша түсініктемелер беріліп, қызықтырған сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









