1 / 2
2026 жылғы 16 қарашада Динара Хусаинова «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай өңірлік университетінің заң факультетінің студенттеріне дәріс өткізді.Студенттер зияткерлік меншік объектілері, оларды құқықтық қорғау, Конституцияда алғаш рет бекітілген зияткерлік меншікті қорғау нормасы, сондай-ақ тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы білді.
Алған білімдерін ойын түрінде бекітті — «Түпнұсқаны контрафактіден ажырат» ойынына қатысып, жалған өнімдерді анықтау жөніндегі сарапшы рөлін сынап көрді.
Өз құқықтарыңды біл. Өзгелердің еңбегін құрметте. Түпнұсқаны таңда!
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








