дәріс өткізілді

    1 / 2

    2026 жылғы 17 қарашада «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Нұрғазин Аслан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас маманы Джакашева Айданамен бірлесіп, Қызмет көрсету колледжінің студенттеріне дәріс өткізді.Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, мемлекеттік қызмет негіздері мен жауапкершілік қағидаттары түсіндірілді. Сонымен қатар зияткерлік меншік негіздері мен Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне ерекше назар аударылды.
    Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге, сондай-ақ құқықтық тәртіп мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға бағытталған.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінің
    Баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары