«ТАЗА ЖОЛ – ТАЗА ОРТА»

    1 / 9
    Шардара ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды!
    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауданның санитарлық тазалығын сақтау, қоршаған ортаны көркейту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза жол – таза орта» атты сенбілік өткізілді.
    Тазалық шарасына Шардара қаласындағы 39 мемлекеттік мекеме мен кәсіпорынның қызметкерлері, 10 ауылдық округтің өкілдері, спортшылар және белсенді жастар мен еріктілер қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
    Сенбілікке 2 100 белсенді азамат пен 28 арнайы техника жұмылдырылды.
    Бұл – туған жерге деген жанашырлықтың, табиғатқа деген жауапкершіліктің және ортақ іске деген бірліктің айқын көрінісі. Өйткені таза орта қалыптастыру – тек тазалық қызметкерлерінің емес, әрбір азаматтың міндеті.
    Таза жол – жарқын болашақтың бастауы! Тазалықты сақтау – туған жерге деген құрмет!
    Шардара ауданы баспасөз қызметі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары