Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жауапты қызмет. Сондықтан , мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын сақтауы, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі сапалы орындауы, қызметтік әдеп нормаларын ұстануы мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
2026 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібін нығайтуға, жауапкершілігін арттыруға және тәртіптік теріс қылықтардың алдын алуға бағытталған нормалар көзделген.
Атап айтқанда, Заңның 61-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын бұзуы тәртіптік теріс қылық болып танылады.
Мұндай жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сай еместігі туралы ескерту, лауазымдық деңгейін немесе мемлекеттік лауазымын төмендету, сондай-ақ заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтен шығару түріндегі тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.
Бұл ретте тәртіптік жауаптылықтың негізгі мақсаты тек құқық бұзушылыққа жол берген қызметшіні жазалау ғана емес, сонымен қатар , осындай жағдайлардың қайталануына жол бермеу, қызметтік тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру болып табылады.
Жаңа Заңның 63 және 64-баптарында тәртіптік жауаптылыққа тарту кезінде заңдылық пен әділдік қағидаттарын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен мерзімдерін сақтау талаптары белгіленген.
Осыған орай, тәртіптік жауаптылық мәселелерін қарау барысында әрбір жағдайға жан-жақты әрі объективті баға берілуі, теріс қылықтың сипаты мен ауырлығы, оны жасауға ықпал еткен мән-жайлар және қызметшінің кінәсі ескерілуі тиіс. Бұл – тәртіптік жазаның негізсіз қолданылуына жол бермеудің және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен 2026 жылғы III тоқсан д а мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазаларға талдау жүргізілі п, 35 мемлекеттік қызметшілер г е қатыстыЗаңнама талаптарын бұза отырып тәртіптік жаза қолданылғаны анықталды.
Нәтижесінде, Департаментпен тиісті ұсыныстар еңгізіліп,11мемлекеттік қызметшіге заңсыз қолданылған тәртіптік жазаның күші жойылып, құқықтары қалпына келтірілді.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметтегі тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік аппараттың тұрақты әрі тиімді жұмысының негізі. Мемлекеттік қызметшінің әрбір әрекеті мен қабылдаған шешімі азаматтардың мемлекетке деген сеніміне тікелей әсер ететінін естен шығармауымыз қажет.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы
Сәдібек Нұрсұлтан Мұратәліұлы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









