Әуезов ауданында электр желілерінің сенімділігін арттыру жұмыстары жүргізіледі

    1 / 3

    «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 18–21 қараша аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында электр желілеріне жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.

    Аталған жұмыстар аясында электр желілеріндегі анықталған ақауларды жою, жабдықтардың техникалық жай-күйін жақсарту және телеметрия жүйелерін орнату көзделген. Бұл шаралар электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

    Осыған байланысты ауданның бірқатар шағынаудандары мен көшелерінде электр энергиясын уақытша өшіру жоспарланған. Өшіру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, мекенжайларға байланысты сағат 08:00–13:00, 13:00–17:00 және 08:00–17:00 аралығында жүргізіледі.

    Тұрғындардан жоспарлы жұмыстарға түсіністікпен қарап, күнделікті істерін алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

    Электр энергиясын өшірудің нақты мекенжайлары мен уақыты қоса берілген кестеде көрсетілген.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары