1 / 3
Департаменттің «Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 12 қараша күні Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің» бас маманы Төленов Мұхтар Өтегенұлы «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-да жұмыскерімен болған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Арнайы тергеп-тексеру барысында мемлекеттік еңбек инспекторы және құрылған арнайы комиссия тарапынан жазатайым оқиғаның орын алу мән-жайлары мен себептері зерделеніп, оқиғаға қатысты қажетті құжаттар мен материалдар қаралды.
Тергеп-тексеру нәтижесінде оқиғаның себептері анықталып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына тиісті баға берілді.
ҚР Еңбек кодексінің "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу" туралы заңдылық талаптарына сәйкес жүргізілген тексеру бойынша және еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы аурухана ұжымымен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалу барысын басты назарға алу мақсатында еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сонымен қатар, алдағы уақытта осыған ұқсас жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған тиісті шараларды қабылдау қажеттілігі атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









