Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы «Сынақ мерзімі: қызметкердің қандай құқықтары бар?» тақырыбында бейнетүсіндірме жұмысын жүргізді.
Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы «Сынақ мерзімі: қызметкердің қандай құқықтары бар?» тақырыбында бейнетүсіндірме жұмысын жүргізді.
Еңбек шартын жасасқан кезде жұмыс беруші еңбек шартында жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі еңбек шартында көрсетілген жұмыс басталған күннен басталады.Сондай-ақ сынақ мерізімін белгілеу міндетті шарт болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, сынақ мерзімі кезінде жұмыскердің құқықтары толықтай сақталады. Сынақ мерзіміндегі жұмыскердің құқықтары басқа негізгі жұмыскерлермен бірдей және оған еңбек заңнамасының барлық талаптары қолданылады.
Сынақ мерзімі кезеңінде жұмыскерге Еңбек кодексінің, еңбек және ұжымдық шарттардың талаптары мен жұмыс берушінің актілері толықанды қолданылады.
Еңбек шартында сынақ мерзімін белгілеуге болмайтын азаматтар санаттары бар (мысалы, жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы немесе грант негізінде білім алған, мемлекеттік комиссияның жолдамасымен келген азаматтарға).
Сынақ мерзімі 3 айдан (ал басшылар, олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер үшін 6 айдан) аспауы тиіс. Бұл мерзімге жұмыскердің нақты жұмыста болмаған уақыты (мысалы, еңбекке уақытша парағында болған күндері) кірмейді.
Сынақ мерзімінде жүрген жұмыскердің жалақысын дәл сондай қызметтегі басқа жұмыскерлерден негізсіз төмендетуге заң бойынша жол берілмейді.
Жұмыскер еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақы алуға, демалыс күндері мен өтемақыларға толық құқылы.
Жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептерін хабарламада көрсете отырып, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.
Егер сынақ мерзімі аяқталса және жұмыс беруші еңбек шартының бұзылуы туралы хабардар етпесе, онда жұмыскер сынақ мерзімінен өткен болып есептеледі.
Толығырақ бейнероликте: https://t.me/enbekturkistan/661
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








