Заңнамаға сәйкес, әрбір жұмыс беруші қызметкерлерін өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыруға тиіс. Егер қызметкер өндірістік жарақат алса, кәсіби ауруға шалдықса немесе еңбекке жарамдылығын жоғалтса, сақтандыру төлемдері жоғалтқан табысын өтеуге, емделу және дәрі-дәрмек шығындарын жабуға бағытталады. Ал қызметкер қайтыс болған жағдайда өтемақы оның отбасына беріледі.
Егер жұмыс беруші сақтандыру шартын жасамаған болса, барлық тиісті шығынды өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті. Бұл талап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған арнайы төлемдерге де қатысты. Яғни қызметкерді сақтандырмау жұмыс берушіні жауапкершіліктен босатпайды.
Толығырақ: https://t.me/enbekturkistan/659
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









