Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Ресей Федерациясына жұмыс сапары туралы

    1 / 10

    Мәскеу, 2026 жылғы 10 қараша- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форумға қатысып, «Көпполярлы әлемдегі ұжымдық қауіпсіздік» атты пленарлық отырыста сөз сөйледі.

    Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі мемлекеттер арасындағы сенім деңгейінің төмендеуі халықаралық тәртіптің негіздеріне нұқсан келтіріп, халықаралық құқықтың беделін әлсірететінін атап өтті. Сонымен қатар ол тұрақты халықаралық тәртіп тек күштер теңгеріміне ғана негізделе алмайтынына, оның халықаралық құқыққа, өзара сенімге және күрделі келіспеушіліктер жағдайында да келісімге келе білу қабілетіне сүйенуі тиіс екендігіне баса назар аударды.

    М.Тілеуберді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Еуразияның болашағы қарсы тұру мен бөліну желілері қисынымен айқындалмауы тиіс екенін атап өтті. Олөзара құрмет, сенім және мемлекеттердің ортақ сын-қатерлерге бірлесіп жауап беруге дайындығы негізінде қалыптасуы қажет.

    Мәскеу форумының іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өнімдер мен технологиялар көрмесі де өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары