Қазақстан мен АҚШ іскерлік ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуда

    1 / 9

    Вашингтон, 2026 жылғы 9 қараша– B20 саммиті аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және АҚШ Сауда палатасымен бірлесіп, «Стратегиялық әріптестіктен нақты жобаларға» атты Қазақстан-АҚШ бизнес-форумын өткізді.

    Іс-шара Мемлекет басшысының АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майами қаласына жоспарланған сапары қарсаңында ұйымдастырылды. Оған екі елдің мемлекеттік органдарының, ұлттық компанияларының, қаржы институттарының өкілдері мен іскерлік топтары қатысып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.

    Қазақстан Саммитке ең ірі бизнес-делегациялардың бірімен қатысты. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің АҚШ-пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Өкілі Ержан Қазыхан, Премьер-министрдің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев, сондай-ақ салалық министрліктердің басшылары, «Самұрық-Қазына» қорының, ұлттық және жеке компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері кірді.

    Америка тарапынан бизнес-форумға АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау, АҚШ Сауда палатасының президенті Сюзанн Кларк, Қазақстан-АҚШ іскерлік кеңесіне (USKZBC) мүше компаниялардың басшылары және көлік және логистика, энергетика және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар және қаржы саласындағы 100-ден астам америкалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

    Бизнес-форумдыашаотырып,К.Ландау: «Осыіс-шарадаболужәнеҚазақстанныңоғанқатысуынқұптауменүшінүлкенмәртебе.Қазақстанделегациясымұндаеңіріболуыоныңхалықаралықбеделініңартыпжәнежаһандықэкономикадағыжетекшіойыншылардыңбірінеайналыпкележатқанынайқынкөрсетеді.Сонымен бірге, америкалық жеке сектордың көптеген өкілдерінің Қазақстан ұсынып отырған мүмкіндіктерге зор қызығушылық танытып отырғанын көру мені ерекше қуантады» - деді.

    Форум барысында қатысушылар Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту және экономиканың басым салаларында бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Тараптар көлік және логистика, энергетика, аса маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы, цифрлық және қаржылық технологиялар, оның ішінде жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктерін қарастырды.

    Талқылаулар екі елдің бейінді мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары мен жеке сектор өкілдерінің қатысуымен өткен төрт тақырыптық сессия аясында өрбіді. Өндірістерді жергіліктендіру, озық технологияларды енгізу, өңдеу өнеркәсібін дамыту және қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық өндірістік тізбектерге қатысуын кеңейту сияқты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарына ерекше назар аударылды.

    Қазақстандық делегация Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды дамыту және жаңа нысандар салу жөніндегі ауқымды жоспарды да таныстырды. Бірлескен жобаларды жүзеге асырудың зор әлеуетін атап өткен қазақстандық тарап америкалық компаниялар мен инвесторларды оларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.

    Форум қатысушылары алдында сөз сөйлеген Е.Қазыхан: «Қазақстандық және америкалық компаниялар ондаған жылдар бойы инвестицияларды, технологияларды және білікті мамандардың бірнеше буынын тоғыстырған табысты серіктестік қатынастар орнатты. Бүгінде бізде жаңа салалардағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың дәл осындай берік негізін қалау мүмкіндігі бар», – деп атап өтті.

    Бизнес-форум Қазақстанның үш миллионнан астам америкалық компанияның мүддесін білдіретін АҚШ Сауда палатасымен көпжылдық ынтымақтастығының жалғасы болды. Қазақстан – аталған ұйымның құрылымында өз іскерлік кеңесі бар өңірдегі жалғыз мемлекет. Бұл кеңес екі ел компаниялары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға, бірлескен жобаларды ілгерілетуге және АҚШ-тың Қазақстанға сауда миссияларын ұйымдастыруға арналған маңызды алаң қызметін атқарады.

    Саммит аясында қазақстандық делегация мүшелері АҚШ Әкімшілігі мен Конгресінің, сондай-ақ жетекші қаржы институттарының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар екіжақты экономикалық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен алдағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарында бірқатар келісімге қол қойылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары