Еңбек қатынастары саласындағы диалог – жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы өзара түсіністікке, сенімге және ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың маңызды тетігі. Оның негізгі мақсаты – еңбек саласында туындайтын мәселелерді бірлесіп талқылау, тараптардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, еңбек дауларының алдын алу және қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес, жұмыс беруші мен жұмыскер еңбек қатынастары барысында өзара келісім мен әлеуметтік әріптестік қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс. Бұл ретте әрбір жұмыскер өзінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін білуге, ал жұмыс беруші олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Еңбек қатынастары саласындағы диалог барысында мынадай мәселелерге ерекше назар аударылады:
• еңбек шарттарын заң талаптарына сәйкес жасасу және рәсімдеу;
• жалақыны уақтылы әрі толық көлемде төлеу;
• жұмыс уақыты мен тынығу уақытының тәртібін сақтау;
• жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру;
• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындау;
• жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
• еңбек даулары мен келіспеушіліктердің алдын алу.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында ашық пікір алмасу, туындаған мәселелерді уақытылы талқылау және оларды заң аясында шешу еңбек ұжымындағы тұрақтылықты нығайтады.
Еңбек қатынастары саласындағы тиімді диалог – заңдылықты қамтамасыз етудің, еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеудің және әлеуметтік әріптестікті дамытудың маңызды құралы. Әрбір тарап өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, өзара құрмет пен түсіністік танытқан жағдайда ғана қауіпсіз әрі тұрақты еңбек ортасын қалыптастыруға болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









