АШЫҚТЫҚ ПЕН СЕНІМ: ДЕПАРТАМЕНТТЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

    1 / 3
    Үстіміздегі жылдың 11 қараша күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы бекіткен кестесіне сәйкес Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының төрағалығымен азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
    Қабылдау барысында азаматтардың еңбек қатынастары саласына қатысты өтініштері мен мәселелері тыңдалып, оларды толғандырған сұрақтар талқыланды.
    Атап айтқанда, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, еңбек шарттарын рәсімдеу, жалақы төлеу және еңбек дауларын шешу мәселелері бойынша өтініштер қаралды.
    Департамент басшысы әрбір азаматтың өтінішіне назар аударып, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.
    Азаматтарды жеке қабылдау – халықпен ашық диалог орнатудың, олардың мәселелерін тікелей тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастырудың маңызды тетігі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары