Қазақстан мен Швейцария елшілері ЕҚЫҰ қызметінің өзекті мәселелерін талқылады

    Вена, 2026 жылғы 11 қараша – Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Ермек Көшербаев Швейцарияның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Ұйымның Тұрақты кеңесінің төрағасы Рафаэль Нагелимен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында ЕҚЫҰ қызметінің өзекті мәселелері, оның ішінде Луганода өтетін Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысына дайындық, Ұйымның институционалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

    Тараптар сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен алдағы ынтымақтастығы жөнінде пікір алмасып, Ұйымның көпжақты диалог жүргізу және қауіпсіздікті нығайту үшін бірегей әрі инклюзивті алаң ретіндегі рөлін сақтаудың маңыздылығын растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі" жаңалықтары