Венада Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының нәтижелері таныстырылды

    1 / 2

    Вена, 2026 жылғы 30 қазан – Қазақстан Республикасының делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Венадағы бөлімшесінде өткен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясы (IACA) Тараптар Ассамблеясының 15-сессиясына қатысты.

    Сессия аясында қатысушы мемлекеттердің өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Академияның одан әрі дамуы, оның ішінде ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету перспективалары талқыланды.

    Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Уақытша сенімді өкілі Ержан Қуатбеков елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың негізгі нәтижелерін таныстырды. Атап айтқанда, институционалдық өзгерістерге, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізуге назар аударылды.

    Қабылданып жатқан шаралардың практикалық нәтижелеріне ерекше мән берілді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен байланысты тіркелген құқық бұзушылықтар санының 26%-ға азайғаны, сондай-ақ мемлекетке 316 млрд теңгеден астам соманың активтері қайтарылғаны және олардың әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталғаны атап өтілді.

    Қазақстан тарапы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растады. Сонымен қатар IACA-ның кәсіби білім беруді дамытуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және озық халықаралық тәжірибені ілгерілетуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі" жаңалықтары