Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі

    Құрметті ханымдар мен мырзалар!

    Біз Сіздерді Аустрияда аккредиттелген Қазақстан Елшілігінің, сондай-ақ Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.

    Біздің сайтта Сіз Қазақстанда болып жатқан оқиғалар туралы өзекті ақпаратты, консулдық қызметтер бойынша сұрақтарға жауаптарды, сондай-ақ туристер ретінде елімізге бару немесе іскерлік байланыстар орнату үшін қажетті ақпаратты таба аласыз.

    Елшілік Қазақстанның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы аккредиттеу елдерімен өзара тиімді ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді. Елшілік жұмысының негізгі басымдықтарының бірі Аустриядағы ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

    Бизнес-қоғамдастықтардың өзара іс-қимылының, туристік және мәдени әлеуетті ілгерілетудің генераторлары, сондай-ақ Қазақстанның құрметті консулдары біздің елдеріміздің өңірлері арасындағы тірі көпір болып табылады.

    Facebook, Twitter және Instagram - дағы әлеуметтік медиа беттерінде де, контактілер бөлімінде қолжетімді дәстүрлі байланыс арналары-электрондық пошта және телефон арқылы да пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды алуға қуаныштымыз.

    Бұл сайт екіжақты және көпжақты тректердегі қызметіміздің негізгі оқиғаларына қызығушылық танытқан жағдайда пайдалы болады деп үміттенеміз, олармен жаңалықтар бөлімінде танысуға болады.