Қазақстан мен ХСЖҚА ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді

    1 / 2

    Лаксенбург, 2026 жылғы 11 қараша– Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ермек Көшербаев Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес академиясының (ХСЖҚА) ректоры Драго Косқа сенім грамоталарын тапсырды.

    Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен ХСЖҚА арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

    Драго Кос Қазақстанмен қалыптасқан өзара іс-қимыл деңгейіне жоғары баға беріп, Академияның қызметіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне алғысын білдірді.

    Өз кезегінде, Ермек Көшербаев ректорды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айқындалған еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі басымдықтарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан тарапының Академиямен әріптестікті одан әрі нығайтуға, өзара іс-қимыл бағыттарын кеңейтуге және бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі" жаңалықтары