Абу Даби, 2026 жылғы 11 қараша– Абу Даби қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстелұйымдастырылды.
Іс-шараға Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, жетекші талдау мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, академиялық пен сарапшылық қауымдастық мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның Елшісі Рауан Жұмабек баяндама жасап, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар мен стратегиялық міндеттерді таныстырды. Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыттарына, цифрлық трансформацияға, жасанды интеллект технологияларын енгізуге, инфрақұрылымды жаңғыртуға және елдің инвестициялық әлеуетін одан әрі арттыруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың стратегиялық мәні мен олардың елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтудағы рөлі атап өтілді.
Жергілікті сарапшылар Қазақстандағы саяси әрі экономикалық өзгерістерге жоғары қызығушылық танытып, Жолдауда көтерілген бастамалардың өзектілігі мен стратегиялық ерекшелігі бойынша пікірлерін білдірді.
Атап айтқанда, БАӘ Ұлттық кітапханасы және архивтің Бас директоры Абдалла Мажид Әл Әли ҚР Президенті Қ.Тоқаев айқындаған бастамалардың маңыздылығына тоқталып, елде қолға алынған өзгерістер орнықты дамуды қамтамасыз етуге және ұлттық әлеуетті нығайтуға бағытталған жүйелі саясаттың көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол тарихи-мәдени мұраны сақтау, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру мен заманауи цифрлық технологияларды енгізу жұмыстарын оң бағалады.
Өз кезегінде, «Emirates Global Education Investment Group» талдамалық-
білім беру орталығының бас директоры Халед Мүбарак Әл Кенди:
«Құжатта айқындалған реформалар әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне бағыт сілтеп, Қазақстандағы инфрақұрылымды жаңғырту мен инвестицияны тарту салаларындағы зор әлеуетін тиімді пайдалануға жол ашады», - деп айтты.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бастамаларды жүйелі әрі сапалы іске асыру Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтіп, стратегиялық әріптестікті тереңдетуге ықпал ететініне сенімдерін білдірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









