Қазақстан мен БАӘ арасындағы сот-құқық саласындағы ынтымақтастық кеңеюде

    1 / 5

    Абу-Даби, 2026 жылғы 12 қараша –Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Абу Даби Сот департаменті төрағасының орынбасары Юсеф Саид Әл Әбримен кездесу өткізді.

    Сұхбаттасушылар Қазақстан мен БАӘ арасындағы сот-құқық саласындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, ведомствоаралық байланыстарды нығайту, кәсіби тәжірибе алмасу және екі елдің тиісті мемлекеттік органдары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне назар аударылды.

    Сонымен қатар, биылғы жылғы шілде айында Абу Даби Сот департаменті делегациясының Қазақстанға жасаған сапарының қорытындылары, оның ішінде ҚР Бас прокуратурасы мен Әділет министрлігінің өкілдерімен өткізілген кездесулердің нәтижелері қаралды. Тараптар сот жүйесіне озық цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкіндіктері, сондай-ақ осы бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту әлеуеті жөнінде пікір алмасты.

    Сұхбат барысында БАӘ аумағында жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Осы орайда құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасау, ақпарат алмасуды жеделдету, қамауда отырған Қазақстан азаматтарына консулдық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларға қажетті консулдық қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдіріп, ортақ қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі" жаңалықтары