Абу Дабидегі толеранттылық фестивалінде қазақтың мәдени мұрасы дәріптелді

    1 / 17

    Абу Даби, 2026 жылғы 15 қараша– ү.ж. 13-15 қараша Абу Даби қаласындағы «Umm Al Emarat» саябағында өткен VIII Ұлттық толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру фестивалі аясында қазақ халқының бай мәдени мұрасы, дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық өнері таныстырылды.

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру министрлігі ұйымдастырған фестиваль – түрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін тоғыстырып, рухани құндылықтарын насихаттайтын маңызды алаң.

    «Бірлікте өркендеу» ұранымен өткен биылғы фестивальда сөз сөйлеген БАӘ Толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру министрі шейх Наһаян бен Мубарак Әл Наһаян мәдени әралуандықты құрметтеу мен ортақ құндылықтар төңірегінде топтасудың маңызын атап өтті.

    «Алтын Орда» авторлық дизайн үйімен, «Шаңырақ» қазақ мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақстанның ұлттық павильонында келушілерге ұлтымыздың мәдениеті мен әдет-ғұрпы дәріптеліп, халқымыздың ғасырлық мұрасы, дәстүрлі тұрмысы және ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тапқан рухани құндылықтары кеңінен паш етілді. Сондай-ақ, фестиваль аясында қазақтың дәстүрлі әндері шырқалып, күйлері орындалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі" жаңалықтары