Дубай, 2026 жылғы 30 қазан – Азаматтық авиация академиясының Басқарма төрағасы – ректор Дәулет Мәмеков бастаған қазақ делегациясы Emirates Aviation университетінің ректоры, профессор,
д-р Ахмад Әл Әлимен кездесті.
Кездесуде Д.Мәмеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген Қазақстанның Еуразиядағы жетекші авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайту міндетін іске асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту, озық технологияларды енгізу, кадрлар даярлау сапасын арттыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің стратегиялық маңыздылығы атап өтті. Бұл ретте, «Emirates Aviation» университетімен ынтымақтастық академиялық тәжірибе алмасуға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға жаңа мүмкіндіктердің жолы екені айтылды.
Өз кезегінде, А.Әл Әли қазақ тарапының авиация бағытындағы ұстанымен келісе отырып, ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін халықаралық академиялық өзара іс-қимылды одан әрі дамтыуға, білім беру және ғылыми әлеуетті біріктіруге ерекше назар аударды. Осы тұрғыда, ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін растады.
Кездесу қорытындысында тараптар ортақ мүддені растайтын авиациялық білім беру мен ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








