🔹2026 жылғы 8 қарашада өткен сайлау қорытындысы бойынша Бисенбаев Әлібек Бисенбайұлы Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
🔹Бисенбаев Әлібек Бисенбайұлы 1989 жылы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген.
🔹2010 жылы Ақтөбе гуманитарлық-техникалық әмбебап мультипрофильді колледжін «банк ісі» мамандығы бойынша, 2013 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
🔹Еңбек жолын 2010 жылы «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» ММ Жастар бағдарламасымен «экономист» болып бастаған.
🔹2011-2023жылдары аралығында «Байғанин ауданының жұмыспен қамту орталығы» ММ маманы, «Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ Байғанин ауданының мансап орталығының маманы, осы орталық басшысының міндетін атқарушы болды.
🔹2023 - 2026 жылдары аралығында «Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ Байғанин ауданының мансап орталығының директоры қызметін атқарды.
🔹Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 қарашадағы шешімі негізінде Бисенбаев Әлібек Бисенбайұлы 2026 жылғы 10 қарашадан бастап Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









