Бүгін аудан әкімі Айбек Купенов әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар маманды салтанатты түрде марапаттады.
🔹 Мерекелік шара барысында әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін бірқатар сала маманы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
🔹 Сонымен қатар өз қызметтерін жауапкершілікпен атқарып, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жолында нәтижелі еңбек етіп жүрген бірқатар сала маманы облыс әкімінің орынбасарының, облыстық басқарма басшысының және аудан әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.
🔹 Әлеуметтік сала – қоғамдағы тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі. Бұл сала мамандарының күнделікті еңбегі азаматтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік әділдікті нығайтуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
🔹 Барша әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Халық игілігі жолындағы жауапты еңбектеріңізге табыс, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








