Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің спортпен жүйелі түрде айналысуына жағдай жасауға және спорт инфрақұрылымын жетілдіруге ерекше мән беріп келеді.
Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі – ауыл балаларының спортқа деген қызығушылығы мен республикалық деңгейдегі жетістіктері. Соның бір дәлелі – Байғанин ауданы спортшыларының кезекті жеңісі!
2026 жылдың 1–8 қараша күндері Астана қаласында өткен «AUYL SPORT – 2026» ауыл балалары арасындағы республикалық турнирде Ақтөбе облысының намысын қорғаған Байғанин ауданының волейболшы қыздар құрамасы жүлделі III орынға ие болды!
2011–2012 жылы туған жасөспірім қыздар арасындағы дүбірлі додада ауданымыздың спортшы қыздары өздерінің шеберлігін, ұйымшылдығын, табандылығы мен жеңіске деген жігерін көрсете білді.
Бұл – бір күндік жетістіктің нәтижесі емес, жүйелі дайындықтың, жаттықтырушы мен спортшылардың бірлескен еңбегінің жемісі.
Жарыс қорытындысы бойынша команданың жаттықтырушысы Жанпейс Төлегенов «Үздік жаттықтырушы» номинациясымен марапатталды. Бұл да еңбектің еленгені мен кәсіби біліктіліктің көрінісі.
Ауданымыздың абыройын асқақтатып, Ақтөбе облысының намысын қорғаған спортшы қыздарымызға және олардың жаттықтырушысына шын жүректен алғыс білдіреміз!
Жеңіс жолындағы әрбір қадамдарыңыз сәтті болып, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Байғаниннің спорттағы жетістігі – ауданның ортақ мақтанышы!
Жеңісті күндеріміз көп болсын! 🇰🇿🏆
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









