Бүгін Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында және ауданның барлық елді мекендерінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
🔹Қарауылкелді ауылында көшелер мен саябақтар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сондай-ақ бей-берекет өскен шөптер шабылып, қоғамдық аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
🔹Сенбілікке аудан бойынша 1074 адам мен 27 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 233 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.
🔹Тазалық – бір күндік науқан емес, ортақ жауапкершілік пен күнделікті мәдениеттің көрінісі. Осы бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









