2026 жылғы 4 қарашада Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты Кенжалы, Көкбұлақ және Қосарал ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
🔹Кездесу барысында ауыл тұрғындары елді мекендерге қатынайтын жолдардың жағдайын жақсарту, электр энергиясының сапасын тұрақтандыру, газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық мамандардың қолжетімділігі жөніндегі мәселелерді көтерді.
🔹Аудан әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың заңнама аясында шешілу мүмкіндіктерін қарастырып, нәтижесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







