Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Ащы ауылдық округіне қарасты Ноғайты ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
🔹Кездесу барысында ауылдың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру және күнделікті өмірде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
🔹Тұрғындар тарапынан Бейбітшілік көшесінен Теміржол көшесіне дейінгі жол құрылысының аяқталу мерзімі, ауылдағы газ құю бекетіне электр энергиясын қосу мәселесі жөнінде сұрақтар қойылды.
Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, әрбір өтініштің заң аясында қаралып, шешу жолдары зерделенетінін жеткізді.
🔹Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындармен ашық пікір алмасу, елді мекендердегі өзекті мәселелерді назарға алып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында бірлескен жұмыс жүргізу.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








