САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ – 35 ЖЫЛ

    1 / 6

    Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы салық қызметінің құрылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

    🔹Мерейтойлық шараға қатысқан аудан әкімі Айбек Купенов салық жүйесінің мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі, бюджет кірісін қалыптастырудағы және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілетудегі айрықша маңызын атап өтті. Сонымен қатар сала ардагерлері мен қызметкерлерін айтулы мерейтоймен құттықтап, жауапты қызметтеріне табыс тіледі.

    🔹Салтанатты жиын барысында мемлекеттік кірістер органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан сала ардагерлері мен қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар қызметкерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.

    🔹Іс-шараға қатысқан Салық органдары ардагерлері кеңесінің Ақтөбе облысы бойынша төрағасы Саламат Аманбаев құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандары мен ардагерлеріне ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ салық қызметінің дамуына қосқан үлесі мен мінсіз еңбегі үшін бірқатар азаматқа алғыс хаттар табыс етті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары