«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БАЙҒАНИН АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

    1 / 5

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Байғанин ауданында елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру бағытындағы екі айлық жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

    🔹Ауданның 9 ауылдық округінде ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына тұрғындар мен мекеме қызметкерлері белсене қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды.

    🔹Екі айлық аясында елді мекендер маңындағы қоқыс жиналу орындары тазартылып, көшелер, қоғамдық орындар мен аулалар ретке келтірілді. Сонымен қатар саябақтар мен скверлер абаттандырылып, автомобиль жолдарының бойы тазартылды. Су айдындарының жағалауларында тазалық жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерді көгалдандыруға да көңіл бөлінді.

    🔹Аудан аумағын таза ұстау, қоғамдық орындардың көркін жақсарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    🔹Тазалық – ортақ жауапкершілік. Туған жердің көркеюіне әрбір тұрғынның қосқан үлесі маңызды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары