ЖАРЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 8

    Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Көлтабан ауылдық округіне қарасты Жарлы ауылының тұрғындарымен кездесті.

    🔹Кездесу барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады.a

    🔹Сондай-ақ ауылдық округ әкімі Жарлы ауылында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта шешімін табуы тиіс өзекті мәселелер жөнінде есеп берді.

    🔹Ашық форматта өткен басқосуда ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекеннің дамуына қатысты мәселелер талқыланды.

    🔹Тұрғындар көтерген мәселелер назарға алынып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Ауылдың әлеуетін арттыру, инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары