1 / 3
24 қазан күні Республика күніне орай Қарабұлақ ауылдық клубында «Замандастар» хор ұжымының мерекелік «Республика күні – елдігімнің еңсесі»концерті өтті. Концерт барысында хор ұжымы әсем әндерін орындап, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Осындай мәдени іс-шаралар ұлттық мерекенің маңызын насихаттауға, өнерді дәріптеуге және ауыл тұрғындарының рухани мәдениетін байытуға бағытталған.
Мерекелік концертке қатысып, ауыл тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлағаны үшін «Замандастар» хор ансамблінің ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз! Өнерлеріңіз өрге жүзсін, шығармашылық табыстар тілейміз! #RepublicDayKazakhstan #Республикакүні
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






