11 қараша күні сағат 15:40-та іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұған дейін іздеуде болған 1982 жылы туған Ринат Ахметовтің мәйітін тапты.
Ер адамның денесі Бородулиха ауданына қарасты Нововасильевка ауылынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы далалық жерден табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге үсіп қалу себеп болуы мүмкін. Қайтыс болудың нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Іздеу жұмыстарына 60-тан астам полиция қызметкері, оның ішінде Абай облысы Полиция департаментінің 30 ЖҚАЖ қызметкері қатысты. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар органдарының 10 қызметкері, 50 әскери қызметші, төрт ерікті және жоғалған азаматтың 10 туысы мен достары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да көмектесті. Жету қиын, жолы күрделі жерлерде жергілікті тұрғындардың 12 тракторы мен полицияның екі квадроциклі пайдаланылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









